Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда өндірістік кооператив өкілдері қаржы пирамидасын құрған

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2022
  • 1823

Қостанайда  өндірістік кооператив атын жамылған қаржы пирамидасы анықталды. Ұйым өкілдері жеке тұлғалардың жарнасын өзара бөлісіп, оңай жолмен ақша тапқан. Өндірістік кооперативке  жеке тұлғалар 30 мыңнан 480 мың теңге аралығында  ақша салған көрінеді. Қомақты қаражат қайта бөліске түсіп отырған. Сөйтіп қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар  салымшылар  есебінен табысқа кенелген. Ұйымның кеңсесінде кооперативтің қызметі туралы жарнамалық парақшалар, жарна төлеген адамдар  тізімі, кооператив пен салымшылар арасында жасалған шарттардың электронды форматтағы нұсқалары табылды -, дейді Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу  департаментінің  өкілдері.   

Көркем БЕКТАСОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

Облыс аумағында қаржы пирамидасын құрған «GАР» өндірістік кооперативінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс тіркелді. Кооператив жеке тұлғалардың ақшасын пайдаланып, өз пайдаларына кіріс алуды ұйымдастырған.Алынған қаражат кәсіпкерлік қызметке жұмсалмай, активтерді қайта бөлу арқылы ұйымдастырушылар қатысушылардың жарнасы есебінен байыған.

З. Санай