Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде баспана кезегінде 590 мың адам тұр

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2022
  • 1166

Қазақстан бойынша 590 мың азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Оның 210 мыңының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев мәлімдеді. Ол Үкіметке Қазақстан халқының табысын арттыруға бағытталған  12 бағдарламаны  таныстырды. Соның бірі – әлеуметтік осал топ өкілдерін баспанамен қамту мәселесіне арналған.

Марат ҚАРАБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

69 мың 300 әлеуметтік осал жағдайдағы азаматтар бар. Осы мұқтаж жандарды қолдау үшін оларға мемлекет қаражаты есебінен нарықтан баспананы жалға алу құнының жартысын өтеу ұсынылады. Инфрақұрылымдық жобаларды одан әрі іске асыру үшін 160 мыңға дейін жеке жер учаскесіне қажетті инженерлік инфрақұрылым жүргізіледі.


Тұрғын үй кезегіне азаматтар 6 санат бойынша тұра алады. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қазір 47 мың 793 адам кезекте тұр.  Оның 2729-ы ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, 19 мың 658-і – халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері, 19 мың 737-сі мемлекеттік, бюджеттік және әскери ұйым қызметшілері. Ал 68 азаматтың   баспанасы апатты деп танылған. Сонымен қатар, көпбалалы 5601 ана пәтерлі болуды күтіп жүр. Ал елімізде тұрғын үй бағасы соңғы бір айда  2 процентке қымбаттаған. Ол туралы толығырақ  Экономикалық жаңалықтар топтамасында.

А. Съезбек