Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ақтабан" атты тай иесінің бар айтқанын бұлжытпай орындайды

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2022
  • 1055

Қызылорда облысында бір жасар тай адамның айтқанын бұлжытпай орындайды. Әлеуметтік желіде тараған видео жұрттың қызығушылығын туғызды.  
 
Бейнежазба авторының айтуынша, бұл Арал өңірінде түсірілген. Иесі жетектеп бара жатқан тайдың аты-Ақтабан. Ақылды түлік кейуананың бар айтқанын орындайды. Тіпті  қолынан қантты алып, дауыс шығарады. Жылқының сүйкімді  төлінің бұл қылығы жұртты сүйсінтті.

Ә. Дүкембаева