Русский Сайттың толық нұсқасы

"ӨКМ Операторы"-ның бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2022
  • 1354

"Оператор РОП"-тың экс- басшысы Медет Құмарғалиевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу   басталды. Ол 2016-2021 жылдар кезеңінде көлік құралдарын утильдеудің жоғары құнын белгілеу арқылы кәсіпорынның 20 миллиард теңгеден астам  қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ:

«Оператор РОП»-тың бұрынғы бас директоры соттың санкциясымен қамауға алынды. Сонымен қатар бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен экология вице-министрі және «Оператор РОП»-тың басқарма төрағасы ұсталған болатын. Тергеу жалғасып жатыр.


Б. Сатуов