Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордаданың төрінде тұрған 5 қабатты жатақхана типті үй апатты жағдайда

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2022
  • 921

Елордаданың төрінде тұрған 5 қабатты жатақхана типті үй апатты жағдайда. Жетпісінші жылдары салынған ғимараттың тұрғындары әрбір күнді қауіппен өткіземіз деп шағымданды.  Былтыр сараптама қорытындысымен үйді бұзу туралы шешім қабылданды дейді.Бірақ, ол  орындалмаған көрінеді. Қауіпті баспанада  әлі тұрып жатқандарын айтады.  Тұрғындардың шағымын тілшіміз Әсел Дүкембаева тыңдады.

Бас қаланың көркіне сын келтіріп тұрған бұл үй 1974 жылы салынған. Сыртының сыры кеткен. Ішінің де жетісіп тұрғаны шамалы. Қазір мұнда 170 отбасы тұрып жатыр. Тұрғындардың айтуынша, олар өздерінің өтінішімен былтыр техникалық бақылау жүргізген.  

Әсел КАСЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Астыңғы этаждан су балқып бетіне шығып жатыр. Үйдің жағдайы өте нашар. Бұл үй ремонтқа келмейді. Былай айтқан кезде үйден кетіп жатырмыз.

Осы үйді тұрғыны Айгүл Бибол да "үйімнің күйін күйттеймін деп, шаршадым" дейді.

Айгүл БИБОЛ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мынаны қараңызшы, күнде осы көріп жатқанымыз. Бәрі түсіп жатыр. Опять же такие, түсіп жатыр. Общий стена жоқ,кірпіш жоқ. Мыжылып жатыр. Үйдің сыртынан қарасаңыз фундамент мүлде жоқ, кіріп кеткен.

Жергілікті билік өкілдері мәселеден хабардар. Бірақ үйді бұзу үшін арнайы комиссия шешім шығаруы керек дейді.   Техникалық  тексеріс нысанды  65 процентке апатты деп танығанын айтады.

Әнуар РАҚЫШ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Осы наурыз айының соңына сәуір айының басына жоспарланып отыр. Қазір оған барлық материал дайындалып жатыр. Былтыр техникалық  қорытынды бойынша үйлердің шешімі шығарылады. Апатты деп танылған соң, шешіміне сәйкес кестеге қойылатын болады.

Бас қалада 150 үй апатты деп танылған.  Олардың мәселесі  кезең-кезеңімен,  келісілген кесте бойынша  шешімін табады дейді мамандар.

Ә. Дүкембаева