"AMANAT" партиясы саяси кеңесі бюросының құрамы тағы төрт адаммен толықты. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады. Саяси кеңестің қаулысымен премьер-министр- Әлихан Смайылов, Президент әкімшілігінің басшысы -Мұрат Нұртілеу , партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов және Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының вице-президенті- Максим Рожин "AMANAT" партиясы саяси кеңесі бюросының құрамына кірді. Осылайша "AMANAT" партиясы саяси кеңесі бюросының мүшесі 9-дан 13-ке көбейді.
Ә. Дүкембаева