Алматыда қатерлі ісік ауруларын диагностикалауға арналған орталық ашылды. Мекеме замануи құрылғылармен жабдықталған. Компьютерлік қондырғылар дәрігерлерге жылына 7 000 науқасты қабылдауға мүмкіндік береді. Қатерлі ісік ауруларының ошағын ерте анықтауға болады. Неоплазмалардың орналасуы мен шекараларын да айқындап береді.
Ләззәт МАНЖУОВА, «ПЕДИАТРИЯ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ХИРУРГИЯСЫ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ» ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Обырмен ауыратын адамдардың саны Қазақстанда да артып жатыр. Оның ішінде балалар да бар. Жылда 600-ге жуық балалардың ішінде осындай онкологиялық диагноз қойылады. Мысалы 2021 жылы 591 балаға онкологиялық ауру диагнозы анықталған.
Ә. Лесбек