Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде қант қоры жеткілікті

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2022
  • 1645

Қазақстанда қант қоры жеткілікті.  Халықтың алдағы 3 айдағы сұранысына сай   қант бар. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады. Еліміз тұтынатын қанттың 60 проценті- импорттық өнім. Негізінен Ресей, Бразилия, Белорусь, Мексика мемлекеттерінен әкелінеді.  Ресей  қант экспортына уақытша тыйым салғандықтан, енді өзге елдерден тасымалданатын өнім көлемі артады дейді құзырлылар.  Қант бағасын тұрақты ұстау үшін   арнайы бағдарламалар пакеті әзірленбек. 

А. Съезбек