Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартады. Қаңтар оқиғасынан кейін адвокаттар қызмет ақыларын қымбаттатқан. Онымен қоса сапасыз қызмет көрсеткен. Бұл туралы депутат Бақытбек Смағұл мәлімдеді. Оның айтуынша, жапай тәртіпсіздіктерден соң заңгерлерге шағымдар көбейген. Осыны негізге алып мәжлісмен республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикенбаевқа сауал жолдады. Төраға адвокаттардың сапасыз жұмысы дәлелденсе, тәртіптік шара қолданылады деді. Былтырдың өзінде осындай фактімен 180 заңгер жауапкершілікке тартылғанын еске салды. Еске салайық республика бойынша 5 мың 700 адвокат бар екен.
Айдын БИКЕНБАЕВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Әр адам осы 5700дің ішінен таңдай алады. Өзінің қалтасына қарап. Екіншіден біздің мемлекет кепілдік берген заң көмегі бар. Ол жерде ақшасы жоқ, жағдайы жоқ кісілерге жаңағы заң көмегі тегін көрсетіледі. Бұл мемлекеттік бағдарлама. Бұл бағдарлама мен біздің адвокаттар ай сайын бір іске, көлемінде бір орта көлемінде 20 мың тенге алады. Ал енді келісім-шартпен істесе 15000 мың тг.
Б. Сатуов