Русский Сайттың толық нұсқасы

Қаңтар оқиғасы: күштік құрылымның 300-ге жуық қызметкері жұмысқа жарамсыз болып қалған

  • AstanaTV
  • 14 наурыз 2022
  • 908

Қаңтар оқиғасы кезінде күштік құрылым 3 мыңнан астам қызметкері жарақат алып, оның 300-ге жуығы мүгедек болып қалған. Бұл туралы  бүгін Мәжілісте депутат Гүлнар Бижанова мәлімдеді. Ол қызметтік міндеттерін атқару кезінде, қапыда қаза тауып, жұмысқа жарамсыз болып қалған азаматтарға төленетін жәрдемақы мәселесін көтерді. Өйткені Отан үшін от кешкен азаматтар назардан тыс қалмауы тиіс деді.

Гүлнар БИЖАНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қаңтар оқиғаларында құқық қорғау органдарының біраз қызметкерлері қайтыс болды. Ал олардың балалары асыраушыларынан айырылып қалды. Біз оларды мемлекет қорғауынсыз қалдыра алмаймыз. Сондықтан, біз мұндай отбасыларға заңмен белгіленген ақшалай қаражаттың 40 пайызы мөлшерінде ай сайынғы төлемдер тағайындауды ұсынамыз. Қаза тапқандардың балаларына оқуға мемлекеттік гранттар берілуі тиіс.

Б. Сатуов