Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қоғам мен билік арасындағы диалог жаңа деңгейге шықты», - М.Бәшімов

  • AstanaTV
  • 14 наурыз 2022
  • 1396

«Қаңтар оқиғасы» билік пен қоғамның арасындағы диалогты жаңа деңгейге шығарды. Бұған дәлел – қаңтардың тергеу барысы туралы ашық ақпараттың бұқараға жариялануы. Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Бәшімов осылай дейді. Оның пікірінше, Мәжілісте бұрын-соңды қоғам белсенділеріне бүгінгідей  сөз беріліп көрмеген.

Марат БӘШІМОВ, ЕУРОПАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Осы екі айдың ішінде қарым-қатынас өзгерді. Қоғамгер де қатысып, ондай болмаған ғой. Өздері комиссия құрып, өздері барып қарап изоляторларды, кімге қандай зорлық-зомбылық болды. Соны мемлекеттік органдарға айтып, бірге қайта-қайта сұхбат беріп. Менің ойымша, жоғары деңгейге көтерілді.  Осыны енді ұстап, әрі таман нығайта берсе.  

А. Съезбек