Русский Сайттың толық нұсқасы

Жолдауда жаңа саяси реформалар жарияланбақ

  • AstanaTV
  • 14 наурыз 2022
  • 1061

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16-шы наурызда саяси реформалардың жаңа пакетін жариялайды. Бұған дейін, Мемлекет басшысы өзінің твиттердегі парақшасында, партиялар арасында бәсеке күшейе түскенін, осы орайда "AMANAT" басты саяси күш ретіндегі рөлін сақтау керектігін жазған еді. Жаңа саяси реформалар, халықтың тұрмысын жақсартатынына саясаттанушылар да сенімді.

Президенттің саяси реформаларға бағытталған арнайы төрт пакеті қазір жүзеге асып жатыр. Ал, сәрсенбі күні бесінші пакетін енгізуі бек мүмкін. Бұл жайында мемлекет басшысы өзінің твиттердегі парақшасында бұған дейін жазған болатын. Саясаттанушы, Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлының айтуынша, қаңтар оқиғасынан бері біршама мәселе оңынан шешілген. Депутат та алдағы Жолдауда Президент халық алдына жаңа ұсыныстармен шығатынына сенімді.

Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:


Негізгі өзгерістерді енді күтіп отырмын. Осы 16-да саяси өзгерістер, өйткені шын мәнінде саяси өзгерістер. Шын мәнінде қаңтардан кейін, ахуал өзгерді. Бұрында талқыланған нәрселер, әртүрлі шектеулер туралы болды.  Бұл жолы бүкіл жауапкершілікті өз қолына алып, нақты-нақты ұсыныстармен халықтың алдына шығады.


Мемлекет басшысы әсіресе ауыл мен аудан әкімдерінің сайлауына да аса мән беріп отыр. Саясаттанушы Самат Нұртаза ауыл әкімдерін халықтың өзі сайлауы қазіргі таңда өзекті екенін мойындайды.  

Самат НҰРТАЗА, САЯСАТТАНУШЫ:

Әкімдерді сайлау деген мәселеге көңіл аудардым. Қазір біз ауылдың әкімдерін сайлай бастасақ, Кейін аудан, кіші қала, үлкен қаланың әкімдерін сайлауға келетін шығармыз. Себебі бұл жерде президент емес, халықта өзінің жауапкершілігін бөлісу керек. Халық та өз таңдайын айту керек. Ертең билікке де ренжи алмайды, әкімді өзі таңдайды.

Бұған дейін қабылданған реформаларда экономикаға басымдық берілсе, ал қазір халықтың нақты табысын арттыруға күш салынып жатыр дейді  саясаттанушылар. Сарапшылардың айтуынша, саяси реформалар ұсынысы халықтың пайдасына әзірленбек. Ал жылдың аяғында Президент айтқан өзгерістерді халық сезіне бастайды дейді.

Ә. Дүкембаева