Русский Сайттың толық нұсқасы

"AMANAT" партиясының депутаттары ақтөбелік студенттің оқу ақысын төлеп берді

  • AstanaTV
  • 14 наурыз 2022
  • 927

"AMANAT" партиясының Ақтөбедегі мәслихат депутаттары ақылы бөлімдегі болашақ спортшының бір жылдық оқу ақысын төлеп берді. Бұған дейінде соңғы кусрта оқып жүрген студентке қарайласқан еді. Жалпы, аймақтағы қоғамдық қабылдау бөлмесіне былтыр 6 мың өтініш түссе, оның 65 пайызы оң шешімін тапқан.

Ақтөбелік Насиба Есқазинаның екі ұлы университетте оқиды. Үлкені Алматыдағы жоғары оқу орнында білім алып жатыр. Кішісі - Ақтөбедегі Қ. Жұбанов университеті спорт факультетінің бірінші курс студенті. Қазақ күресінен көптеген жарыстарға қатысып, жақсы нәтиже көрсетіп көзге түскен. Бірақ оқу ақысын төлейтін жағдайы болмаған соң, анасы партиядан көмек сұрапты. Өйткені отағысы екінші топ мүгедегі, анасының да денсаулығы жұмысқа жарамсыз.
 
Талғат ДҮРЖАНОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қоғамдық қабылдауға осындай өтініш түскен соң, біз қалалық мәслихат депутаттары келісіп, әйелге көмектесеміз деп шештік.

«Бірақ, мәселенің тез шешілетініне сенбедім», - дейді Насиба Есқазина. Үйіне барған соң да, қаражат іздеуді жалғастырған. Бірнеше күннен соң студент баласы қуанышты хабар жеткізген.

Насиба ЕСҚАЗИНА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Балам айтады, жоқ, төлемей-ақ қойыңдар. Мында хабарлама келіп тұр, оқу ақысын жаңа төлеп тастаған. Сол партияны айтады, "Amanat" партиясының мүшелері төлеп тастады дейді, бір жылдың ақысын да төледі деп қуанып отыр еді.

"Amanat"  партиясының қоғамдық қабылдауына былтыр ақтөбеліктер 6 мыңға жуық өтініш қалдырған. Соның 65 пайызы оң шешімін тапты, дейді қабылдау бөлмесінің меңгерушісі. Биыл 600-ден астам адам партиядан көмек сұраған. Жартысының мәселесі шешілді.
   
Жандарбек ЖАҢАБАЙ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Наурыз мерекесінен кейін мобильді топтармен ауылдық елді мекендерге барып, көшпелі қоғамдық қабылдау өткізуді жоспарлап отырмыз.

Ақтөбелік депутаттар былтыр соңғы курста оқитын студенттің де оқу ақысын төлеп берген болатын. Дипломын уақытында алған жас маман қазір қаладағы беделді мектептердің бірінде ағылшын тілінен сабақ береді.

Г. Сейтенова