Түркістан облысында қорықшыға шабуыл жасалды. Зардап шеккен «Шардара балық» серіктестігі қорықшылық қызметінің қызметкері.
Оны Шардара су қоймасында рейдтік іс-шараларды өткізіп қайтқан жолда белгісіз біреулер жабылып ұрып кеткен. Едәуір дене жарақатымен ол шұғыл ауруханаға жеткізілді. Көлігі бұзылып тоқтап тұрған жерінде күш көрсеткендер оның автокөлігін де бүлдірген. Бұзақылар көп ұзамай ұсталды. Барлығы сыныптастар. Полицияның дерегінше, қорықшыға соқтыққандардың оны басқа адаммен шатастырып алғандарын айтып ақталған.
Гүлнәр ӘБДІРАХМАНҚЫЗЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Анықталғанындай, жәбірленушіге дене жарақаты салынған және оның көлігіне материалдық шығын келтірілген. Полицейлер жедел іздестіру с-шараларын жүргізді. Небәрі бірнеше сағат ішінде жергілікті тұрғын болып саналатын бес жас жігіт ұсталды. Қазіргі таңда ҚР ҚК 293 бабы «бұзақылық» бойынша бұл жәйт тіркеліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталу үстінде.
А. Төребекқызы