Алматыда қоғамдық көліктердің біріне пышақпен мінген жолаушы кім? Оның көздегені не? Бұл сұрақтарға полиция жауап бере алмады. Олар бұзақыны іздестіріп жатқандарын хабарлады. Келеңсіздікті куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алған.
Куәгерлердің айтуынша, даудың басы телефон ұрлығынан басталған. Ұялы телефонын жоғалтқан әйел, оны осы ер адамнан көреді. Сол сәтте азамат қалтасынан пышақ шығарып келіншекке ұмтыла жөнеліпті. Әйелге шабуыл жасап, жолаушыларға сес көрсетеді. Полиция жағдайға қатысты тексеруді бастаған.
Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Полицияға ресми арызбен ешкім шағымданбаса да қазіргі таңда криминалдық Полиция қызметкерлері аталған деректі тексеруге кірісті.
Ә. Лесбек