Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жаңадан құрылатын облыстардың Абай, Ұлытау, Жетісу деп аталуында ерекше мән бар,-Қ.Тоқаев

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2022
  • 3478

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Егер жұртшылық Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсынса, мен бұл пікірге қосыламын».

Жаңадан құрылып жатқан облыстарға жеке-жеке тоқталып кетсек. Бәрімізге белгілі, Қазақстанда 14 облыс және әкімшілік орталық болып есептелетін 3 ірі қала бар. Енді олардың қатары жаңа облыстармен толығады. Нақтырақ, бұрынғы Семей облысының аумағында жаңадан Абай облысы құрылады. Оның орталығы болып Семей қаласы қала береді. Сол сияқты Жезқазған аймағында Ұлытау облысы дүниеге келмек. Ұлытаудың орталығы Жезқазған қаласы болмақ. Ал, территориялық аумағы үлкен Алматы облысы екіге бөлінетін болды. Талдықорған Жетісу облысының орталығы болып қала береді. Ал, Алматы облысының орталығы Қапшағай болады. Президент бүгінгі Жолдауында егер жұртшылық Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деген ұсыныс айтса,  мен бұл пікірге қосыламын» деп қосқан еді. Бұл жаңашылдық ең алдымен шалғайдағы елді-мекен халқы үшін жасалып жатқанын айта кеткен жөн. Жаңа жұмыс орындары ашылып, түрлі шаруамен  қатынауға қиналып жүрген алыстағы ағайынның жүгі жеңілдейді. Медициналық көмектің жылдам жетуіне де, автожолдардың дұрысталуына да сеп болмақ. Қазір 2 миллионнан астам тұрғыны бар Алматы облысын бөлу аймақ басшысы үшін де бүгін күтпеген жаңалық болды.

Қанат БОЗЫМБАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Әдеттегідей кез-келген жаңашылдықты қуана қабылдаймын. Сіздерге жаңалық болғандай, бұл мен үшін де жаңалық болды. Ойланып, барлығын салмақтау керек. Меніңше, Алматы облысының екіге бөлінуі басқару жағынан жеңілдіктер әкеледі. Басқару оңайырақ болады деп ойлаймын.


Л. Қуанышқызы