Жаңа облыстардың ашылатынын халық ерекше қуанышпен қабылдады. Мәселен бір ғана Ұлытау ауданы Қарағанды облысының орталығына 710 шақырым қашықта жатыр. Енді Жезқазған оларға небәрі 110 шақырым болмақ.
БЛИЦ:
- Мынау Қарағандыда шалғайда орналасқан Ұлытау, бұрынғы Жезді бұрын өз алдына аудан болған Ұлытаудың қарамағында, Жезді елді мекендеріне әлдеқайда тиімді болады деп ойлаймын. Жаңағы шаруаларын бітіруіне облыс орталығына барып.
- Тиімді ғой мысалы үшін көбісі Жезқазғаннан осы жаққа Қарағандыға облыс болған соң көшіп келді иә. Енді анау 600 км- ден келген қалай, жоқ Жезқазғанның өз басына барған қалай?
- Мен өзім Сәтпаевтанмын. Сондықтан Жезқазған бұрынғыдай облыс орталығы болады дегенге қатты қуандым. Бұл өңірлер енді жақсы дамиды. Қарағандының құрамына қосылған соң жан- жаққа тарап, нашарлап кеткен еді. Енді қайта жанданады.
А. Қуаш