Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту туралы жарлыққа қол қоямын – Мемлекет басшысы

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2022
  • 1403

Бұдан былай еліміздің дамуын мейлінше тежейтін шектен тыс бюрократиялануды жүйелі түрде жойып отыру қажет. Қазақстан халқына жолдауында Президент көптеген мемлекеттік органдардағы әкімшілік кедергілер мен “созбұйдаға” салынуды сынға алды. Жақын уақытта Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту туралы Жарлыққа қол қоятынын айтты. Бұл құжат мемлекеттік органдардағы ішкі рәсімдерді түбегейлі қайта қарап, заң шығару және бюджет үдерістерін оңтайландырудың бастауына айналады,- деді мемлекет басшысы. Бұған әсіресе әр табалдырықты тоздырып, сөзін тыңдата алмай жүрген қарапайым халық қуанышты.

БЛИЦ:

- Қолдаймын. Бюрократиямен күресті әлдеқашан бастау керек еді. 11 жылдан бері үй кезегінде тұрмын. Кезек қозғалар емес.  Меніңше, бұл жай емес, сол мемлекеттік органдардағы бюрократияның кесірі.  

- Дұрыс деп ойлаймын. Әкімдік қана емес, халыққа қызмет көрсету орталығына барсаң да жұмысың бітпейді. Қағаз талап етеді, ана қағаз жоқ. мына қағаз жоқ.  ана кабинетке жібереді, мына кабинетке жібереді.


Б. Надірқызы