Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ұлттық құрылтайды» ұйымдастыру - тікелей жастардың мойнындағы міндет», - Н. Жетпісбаев

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2022
  • 976

«AMANAT» депутаттары өңірлердегі проблемалардың 90 процентін жергілікті деңгейде шешуге әбден болады дейді. Ол үшін ауыл-аймақ жастары пікір ашықтығына көшуі тиіс. Бүгінгі жолдау жастардың қолына осындай мүмкіндіктер пакетін береді. Жас қанаттықтар «Ұлттық құрылтайды» ұйымдастыру тікелей жас буынның мойнындағы міндет деп санайды.  

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Жастар қалыптасып қалғандай болашағымыз емес, ол бүгініміз. Сондықтан да жастарымызды белсенді осындай саяси қозғалыстарға, саяси процестерге тарту осы құрылтайдың аясында болады деп есептейміз. Ауылда, моно қалаларда тұрып жатқан жастарымызбен күшейіп жатқан мәслихаттармен, жас депутаттар корпусы арқылы біз осы жұмыстарды өткізуге бүгін келісіп отырмыз.


Парламент мәжілісінің депутаттары қайта құрылатын 3 облыстың қыз-жігіттерін белсендірек болуға шақырды. Өйткені партияның бұл өңірлерді көтеруге  жоспарлап отырған жобалары баршылық. Алдымен шеттегі 400 ауылға арнайы барып, жастармен кездесу өткізуді жоспарлап қойған.  

А. Съезбек