Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жаңа Қазақстан» жастар қозғалысындағылар Президенттің бастамасына қолдау білдірді

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2022
  • 940

Алматыда «Жаңа Қазақстан» жастар қозғалысы құрылады. Осыған орай қалада 18-ші наурыз күні студенттер фестивалі өтеді.

Бүгін белсенділер БАҚ өкілдерін жинап, шараның жоспарымен таныстырды. Танымал өнер жұлдыздары мен қоғам қайраткерлері қатыспақ. Оған қоса, сарапшылар Президенттің бүгінгі жолдауы жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтады деді. Біліктілер қызметке тартылып, тәжірибиелерін арттырады деп отыр.

Қайыржан МЕҢДІҒАЛИЕВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ БІРІНШІ ПРОРЕКТОРЫ:
 
Жолдауда бізді ерекше қуантқан жаңалық – жаңа үш облыстың пайда болатыны. Кезінде қысқарған Жезқазған, Семей өңіріне облыс мәртебесін беріп, Алматы облысын екіге бөледі. Бұл бастама жастарды мейлінше жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Жас мамандарды қызметке тартуға жол ашады.

Сырымбек ТАУ, КӘСІПКЕР:

Қазақстан жерінде тұрып, қаржы табам да соны неғып бір бөлігін Қазақстан жастарына неге бермеске. Жетпей тұрған болса оған да біз көмектесеміз. Көп жастар экспортқа кіші өнеркәсіпті дамытсақ дейді. Бұл ұсыныстардың бәрін жинап, мемлекетке жастар атынан ұсынатын боламыз.

Ә. Лесбек