Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында сотталғандарға электрондық білезіктер кигізіле бастады

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2022
  • 1380

Қарағанды облысында сотталғандарға электрондық білезіктер тағыла бастады. Пробация қызметі тәулік бойы қатаң бақылау тәсілін ең алдымен бірнеше рет қылмыс жасаған азаматтарға қолданады. Дамир есімді мына жігіт бірнеше рет біреудің мүлкіне қол сұққаны үшін шартты жазаға кесілген. Енді қылмысқа барса абақтыға қамалуы мүмкін. Сондықтан оны тәулік бойы бақылау үшін аяғына электронды білезік тағылды. Шартты мерзімге сотталған азамат бұл тәсіл өзін тәрбиелеуге септігін тигізетінін айтты.

Дамир, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ:
 
Бұл жаңа шара менің түзелуіме көмектеседі деген ойдамын. Браслет таққандықтан өзімді қадағалап жүремін. Пробация қызметі түрлі жұмыстар тауып беріп жатыр. Жұмыс істеп, дұрыс жолға түссем деймін.

Электрондық білезіктер сотталғандар мен жазасы жеңілдетілгендерге, сондай- ақ жаза өтеу шарттарын үнемі бұзатындарға қолданылмақ. Білезік таққандарға арнайы қуат көзі де беріледі. Мамандардың айтуынша, блезіктің қуаты 1 жарым күнге жетеді, онымен тіпті шомылуға да болады. Оларды пробация қызметінің мамандары смартфондардар арқылы бақыламақ. Құралды бүлдіргендер оның құнын, яғни 300 мың теңге шығынды өтейді. Қарағанды облысында бұл құралдарды 300 сотталушыға тағу жоспарлап отыр. Оның 30- ы педофилдер.

Анар ҮМЕНОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Электрондық бақылау құралын сотпен жазасы кесілген азаматтарға ғана қолданамыз. Олардың түнгі уақытта тұрғылықты мекен- жайларынан кетпеуін, көңіл көтеру орындарына бармауын қадағалаймыз. Білезіктер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, кримогендік ахуалды жақсартуға септігін тигізеді.


А. Қуаш