Русский Сайттың толық нұсқасы

"Дикий Арман"-ды қамауға алу мерзімі ұзартылды

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2022
  • 1235

«Дикий Арман» деген лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті  қамауға алу  мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды. Бұл туралы Бас Прокуратура  мәлімдеді. Еске сала кетейік,  полицейлер «Дикий Арманды» 7 қаңтар күні Алматыда ұстаған болатын.   Кейін  Бас прокуроры Берік Асылов «Дикий Арманның» қылмыстық тобының қаңтар оқиғасына қатысы бар екенін айтқан.  

ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ:

"Жұмагелдиев Алматы бойынша ҰҚКД тергеу изоляторында қамауда отыр. Оны қамауға алу мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды".

Ә. Дүкембаева