Русский Сайттың толық нұсқасы

Азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне жол берген әкімдерге ескерту жасалды

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2022
  • 1397

Премьер-Министр Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының айтарлықтай өсуіне жол берген бірқатар өңірдің әкіміне ескерту жасады. Жыл басынан бері елімізде  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 8 процентке өскен.  Бағаның өсуі барлық өңірлерде тіркелді. Әсересе,  Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар және Атырау облыстарында баға шарықтап кеткен.

Т. Әлжанов