Алматы облысында неке қию рәсімінде оқ атылды. Оқиға Талғар ауданындағы жеке үйлердің аумағында болған.
Абырой болғанда, адам аман. Ал оқтың неге атылғаны белгісіз. Полиция Департаментінің ақпаратынша, көпшілікке қару қолданған ер адам жазаға тартылған. Әрі жол ережесін бұзған көлік жүргізушілеріне хаттама тағайындаған.
Әбілтай ӘБЕНОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Қазіргі таңда ҚР-ның әкімшілік кодексінің 436-бабы бойынша жауапкершілікке тартылуда. 371 сигналды пистолет тәркіленіп, баллистикалық сараптама тағайындалды. Және жол жүру ережелерін бұзу бойынша 5 хаттама толтырылды.
Ә. Лесбек