Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан ТМД-дағы ең бақытты ел атанды

  • AstanaTV
  • 24 наурыз 2022
  • 1764

Қазақстан ТМД елдері бойынша ең бақытты ел атанды.  Ал әлемде 40-орында. World Happiness Report сайты 2019-2021 жылдары жүргізген сауалнамасына сәйкес жаңартылған рейтингті жариялады. Бұл рейтингте Қазақстан өткен жылғы нәтижесін 5 сатыға жақсартып, барлық ТМД елдерін басып озды. Былтыр посткеңестік елдер арасында Өзбекстан бақытты ел атанса, бұл жолы  53-орынға тұрақтаған.  Сауалнамаға дүниежүзі бойынша  9 миллионнан астам адам қатысқан.  Авторлар әлемдегі ең бақытты жандар Финляндияда тұрады деп тапқан. Дания, Исландия, Швейцария мен Нидерланд  алғашқы бестікті түйіндейді.

А. Бердибеков