Русский Сайттың толық нұсқасы

"А4 қағазының бағасына жылағың келеді",- кәсіпкер

  • AstanaTV
  • 25 наурыз 2022
  • 2384

Санкцияның салқыны ақ  қағазға да әсер ете бастады. Кеңсе тауарлары сатылатын дүкендерде А4 форматындағы қағаз жоқтың қасы. Барының бағасы удай. Кейбір сауда орындары тіпті оны қарапайым тұрғындарға сатуға тыйым салыпты.  Тек заңды тұлғаларға ғана саудалап жатыр.

"А4 қағазының бағасын көрсең жылағың келеді. Бағасына қарамай сатып ал!". Қызылордалық кәсіпкер Жасұлан Серіков әлеуметтік желіде осындай жазба қалдырған.  Оның бизнесі тікелей қағазбен байланысты. Сондықтан, саудадағы құнымыз да өсті дейді. Айтуынша, қазір дүкендерден ақ қағаз табу үлкен проблема. Ал негізгі өндіруші Ресейдің сату сайттарында баға10 есе өскен. Қағаздың нарықтағы сұранысы жоғары болғандықтан, мұны алаяқтары сәтті пайдаланып жатыр, дейді.

Жасұлан СЕРІКОВ, КӘСІПКЕР:

Әр түрлі сайттарды қарайтын болсақ, қағаз сатылуы өте көп жазылуда. Олардың бағасы өте арзан болады нарықтан. Біз қағазымыз біздің камазымыз жүрейін деп тұр жүк көлігі тезірек қазір төлесеңіз сізге қажетті мөлшерін қалаңызға дейін жеткізіп береміз. Тез арада жеткіземіз деп алдап ақшаны қағып алатын алаяқтар бар.

Қазақстанға қағаздың жеткізілмеуіне Ресейдегі ірі зауыттардың жабылып қалуы себеп болып отыр. Өйткені, кәсіпорында қағаз дайындауға арналған шикізат таусылған. Ал, ол Финляндиядан жеткізіледі. Қазір соғысқа байланыста көптеген шетел көрші елге экспортты тоқтатқан. Жағдай бұлай жалғаса берсе ел нарығында қағаз тапшылығы болуы мүмкін, дейді кәсіпкер.  

Жасұлан СЕРІКОВ, КӘСІПКЕР:

Енді бұл проблеманы шешу керек. Шешу жолдарының бірі - қазір біз басқа нарықты іздеу керекпіз. Яғни Қытай нарығынан қарау керекпіз қанша теңгеден бізге қағаз алып келуге болады немесе Еуропа елдерінен, Индиядан деген сияқты мемлекеттерден қағазды импорттауды қарастыру керек.


Кеңсе тауарларын сататын дүкендерді, базардағы дүңгіршектерді аралап көрдік. Қағаз жоқ. Бір жерде  бар екен, бірақ  ол да сатылып кетті. Құны-3000 теңге. Саудагерлердің айтуынша, тауар алдағы 2-3 айда мүлдем болмауы мүмкін. Оларға жеткізушілердің өзі солай айтқан көрінеді.

САУДАГЕР:

Бумага жоқ,  А4 мүлдем жоқ. Қалай болғанда, зауыттарда жоқ, фирмалар әкеліп жатқан жоқ, дейді. 4000 теңгеден саттық қой. Коробкасы -20 000 теңге, бір коробкасы.

Сарапшылар қолданыстағы қағаздарды үнемді пайдалануға шақырады. Нақтырақ айтқанда, екінші беті таза парақтарды тастауға болмайды. Оны керісінше, кәдеге жарату керек. Тағы бір кеңес: жұмыс тәртібіндегі қағазбастылықты шектеу.  Тапшылықты естігенде Қазақстанда қағаз шығаратын зауыт бар ма деген заңды сауал туындайды. Мұны жауапты министрліктен сұрап көрдік. Бірақ, олар ақпарат беруге асығар емес.

А. Данияр, М. Тоқтасынқызы