Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында балаларды жұдырықтаған тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 25 наурыз 2022
  • 1579

Қарағанды облысының Абай қаласында балаларға қол жұмсаған тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал жекеменшік балабақша басшылығы оны жұмыстан шығарды.

Келеңсіз жағдай Абай қаласындағы «Әдемі» жеке меншік балабақшасында  болған. Жатын бөлмеде балаларды жұдырықтап жүрген тәрбиешінің әбес әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оны ата-аналар әлеуметтік желіде жариялап, дабыл қақты.  Қазір 20 жастағы тәрбиешінің   үстінен «балаларға кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабымен тергеу басталды. Оған 160 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Немесе 160 сағат түзету жұмыстарына салынады, болмаса 40 тәулікке қамауға алынады. Сонымен бірге 3 жылға дейін педагогикалық қызметтен шеттету жазасы қарастырылуы ықтимал.   

Бижамал ЮСУПОВА, БӨБЕКЖАЙ БАЛАБАҚШАНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Балабақшада орын алған оқиға Қарағанды облысы білім басқармасының бақылауында. Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылады. Тәрбиеші жұмыстан шығарылды.

А. Қуаш