Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада онкологиялық орталық медбикесі дәрігердің зорламақ болғанын айтып, шағымданды

  • AstanaTV
  • 25 наурыз 2022
  • 1960

Қызылорда облыстық онкологиялық орталығынан шу шықты. Сонда жұмыс істейтін медбикенің айтуынша, реанимация бөлімінің дәрігері оны зорламақ болған. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің жағасын ұстатты. Ал орталық басшылығы аталмыш оқиғаға қатысты тергеу аяқталмайынша  ешқандай ақпарат бермейтінін айтты. Тек басы дауға қалған дәрігердің өз еркімен жұмыстан кеткенін мәлімдеді. Жәбірленушінің шағымы негізінде іс қозғалған. Енді істің ақ-қарасын құқық қорғау орындары анықтайтын болады.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіміне ҚР ҚК-нің 24 бабының 3-бөлігімен және 120 бабының 1-бөлігімен, яғни зорлауға оқтау дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексі 201-бабының талаптарына сәйкес қалған ақпарат жария етілмейді.

М. Тоқтасынқызы