Русский Сайттың толық нұсқасы

Енді медициналық маска тағу міндетті емес

  • AstanaTV
  • 25 наурыз 2022
  • 1779

Енді медициналық маска тағу міндетті емес. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды. Жоғары оқу орындары толығымен дәстүрлі білім беру үрдісіне көшеді. Мұнан басқа тағы қандай өзгерістер бар? Толығырақ алдағы сюжетте.

Ел ішінде эпидахуалдың жақсаруына байланысты карантиндік талаптар бірте-бірте жеңілдетіліп жатыр. Соның бірі -медициналық маска режимі. Бұдан былай жабық ғимараттарда, қоғамдық орындарда маскасыз жүруге рұқсат етілді. Тек медициналық мекемелерде ғана маска тағу міндетті.
 
БЛИЦ:

- Больница, поликлиника барған жерлерге тағу керек деп ойлаймын. Қалған жерлерде далада,көшеде тағуға керек емес деп ойлаймын.

 - Бір жағынан сақтықта қорлық жоққой енді. Қазір далада тақпаймын, халық көп жерде тағам.

 - Көпшілік орындарда тағу керек деп ойлаймын.


Алайда дәрігерлер арқаны кеңге салуға әлі ерте дейді. Коронавирус індеті әлі де қауіпті.  Сондықтан әрбір тұрғын өз денсаулығы үшін көпшілік орындарда сақтанғаны абзал екенін ескертеді.

Альбина ЖОШИЕВА, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМШЕ МЕҢГЕРУШІСІ:

Жалпы маскалық режимді мына адамдардың көп шоғырланатын орындарында маскалық режимді әлі де тұтынғанымыз дұрыс болар еді.

Ержан БАЙТАНАЕВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ, САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қауіп-қатер әрине бар. Қауіп қатер болғандықтан біз кеңес береміз масканы әлі тағуға. Өйткені қазір мынау эпидемиологиялық ахуалдан бөлек мынау тұмаудың маусымы келе жатыр.
 
Сонымен қатар "Pfizer" препаратымен вакцинациялауға жататындардың контингенті де кеңейтілді. Енді аталмыш вакцинаны алғысы келетіндер үшін америкалық препарат қолжетімді. Сондай-ақ, орта және жоғарғы оқу орындарындағы барлық онлайн оқу, офлайнға ауыстырылады. Яғни енді мектеп оқушылары кабинеттерде толық отыруға рұқсат берілді.

Б. Сатуов