Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда анасымен аялдамада тұрған баланың үстіне тал құлап, көз жұмды

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2022
  • 882

Таразда үстіне тал құлаған 12 жастағы бала көз жұмды.  Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім аялдамада анасымен бірге автобус күтіп тұрған.  Қатты желдің әсерінен   жол шетіндегі биік қара ағаш жеткіншектің үстіне құлаған. Сол жерде тұрғандар баланы ағаш астынан шығарып алыпты. Бірақ ол жедел жәрдем көлігі жеткенше көз жұмған көрінеді. Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.   Әкімдік өкілдерінің айтуынша,   екі апта бойы жауған жауын  жер қыртысын босатып жіберген.  Екпінді жел түбі босаған талды  құлатқан дейді.  

Зарина ҚУАТОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

Арбат сквері маңында санитарлық талдарды кесу жұмыстары 2020 жылы жүргізілген. 12 жасар баланың өліміне себеп болып отырған тал ол тамырымен қопарылған.Қайғыға душар болған отбасыға қайғырып көңіл айтамыз. Көз жұмған баланың отбасына әкімдік тарапынан көмек көрсетіледі.


Б. Жұмабайұлы