Жезқазған қаласында көшенің қақ ортасында төбелес шығарған 4 жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция оларды алдын ала сөз байласып, топтасып бұзақылық жасады деп айыптады. Күдіктілердің төбелесін тұрғындардың бірі телефонға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Артынша полиция 17-18 жастағы 4 жігітті ұстады. Жапа шеккендердің бірі олардың үстінен арыз жазған. Жастардың не себепті жұдырықтасқанын тергеушілер қазір анықтап жатыр. «Бұзақылық» бабымен істі болғандар 3 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Осы оқиғаға қатысқан 17-18 жас аралығындағы барлық күдіктілер анықталды. Қазіргі уақытта бұл қылмыс бойынша ҚР ҚК –нің 293 бабы, 2- інші тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның мән- жайын анықтау не үшін болғанын білу мақсатында кешенді тергеу жұмыстары жүргізілуде.
А. Қуаш