Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде 8 мың борышкер алимент төлеуден жалтарып жүр

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2022
  • 754

Елімізде 8 мың борышкер түрлі себептерді сылтау етіп,  алимент төлеуден жалтарып жүр.  Бұл туралы бүгін  Әділет министрі Қанат Мусин айтты. Негізі борышкерлердің саны 270 мыңнан асады. Бірақ соның кейбірі алиментті уақытылы төлемейтін көрінеді. Министрдің айтуынша, олар табысын жасырып, берешекті өтемеудің түрлі тәсілдерін қолданады.  

Қанат МУСИН, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ:

2021 жылы 316 борышкер қылмыстық жауапқа тартылды. Оның ішінде 159-ы сотталған. 157-нің істері қысқартылған. Бірақ ақталмайтын негіздермен қысқартылған.  

Енді өз жұмысына салғырттық танытқан жеке сот орындаушыларды да қадағалау күшейеді. Олар бір айда  белсенділік танытпаса,  лицензиясынан айырылады. Заңға енгізілген өзгерістерге қарамастан сот орындаушылдардың  жұмысына қатысты арыз-шағым көп. Жоғарғы соттың ақпаратына сәйкес, соңғы 3 жылда  10 мыңнан астам шағым түскен. Ал соңғы 9 айда 6 мыңнан астам талап арыз  тіркелген.

Балайым КЕСЕБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Шағымдардың басым бөлігі атқарушы құжаттарының ұзақ уақыт бойы негізсіз орындалмауы, соның ішінде сот орындаушыларымен іс бойынша тиісті мәжбүрлеу шараларын қабылдамауына байланысты. Статистика бойынша соттарға түскен әкімшілік талап арыздарының жалпы санының арасында ең көбі – сот орындаушыларының әрекеттері мен әрекетсіздігіне қатысты.  


Т. Әлжанов