Русский Сайттың толық нұсқасы

Жарапазан айту дәстүрі жаңғыртылмақ

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2022
  • 1633

Бас муфти қасиетті Ораза айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына 10 пайыз жеңілдік жасауға кәсіпкерлерді шақырады. Осылайшы Рамазанда сауапты амалдарымызды арттыруға үндейді. Сондай-ақ діни басқарма ел ішінде ұмыт бола бастаған жарапазан айту дәстүрін қайта жаңғыртуға мүдделі.

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ:

Жарапазан – қасиетті Рамазан айының келгенін хабарлайтын, халықты ізгілікке үндейтін жыр. Жарапазан айту -  дәстүрімізде бар жақсы үрдістің, жақсы ғұрыптың бірі. ҚМДБ Рамазан айында жарапазан жырын жатқа айтушылар арасында арнайы сайыстар ұйымдастыруда жоспарлап отыр.

Күллі мұсылман асыға күтетін Рамазан айы биыл 2-сәуірде басталады. Қасиетті Ораза 30 күнге жалғаспақ. Ораза айт– 2-ші мамырға белгіленген. Діни мәселеге қатысты кез келген сауал туындаған жағдайда, ақпарат беру орталығы тәулік бойы қызмет ететіні белгілі болды.  Сонымен қатар биыл мешіттерде тарауық намазы оқылатынын хабарлады. Сапқа медициналық маскасыз тұруға рұқсет етілген. Пітір садақа мөлшеріне де қатысты да кеңінен түсіндірді.

Ершат ОҢҒАР, ҚМДБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Биылғы пітір садақа 500 теңге болып белгіленді. Пітір садақа мөлшері еліміз бойынша екі келі ұнның нарықтағы орташа бағасымен есептеледі. Ал ұнның бағасы діни басқарманың өңірлердің, қалалардың берген мәліметтері негізінде анықталғанын қаперге салғым келеді.

А. Бердибеков