Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтан қаласындағы ақылы автотұрақтардың саны 10 мыңға жетеді

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2022
  • 975

Жыл соңына дейін елордадағы ақылы автотұрақтардың саны 10 мыңға жетеді. Осылайша тұрақ тапшылығы реттелмек. Бірақ бұл жаңашылдық көлік жүргізушілерін қуанта қоймады. Жеке компаниялар ауадан ақша жасап отыр деп наразы. Тілшіміз Айсәуле Съезбек мәселенің мән-жайын біліп қайтты.

Мамандар ақылы тұрақ өз тиімділігін дәлелдеді дейді. Мәселен, бұрын азаматтар тегін тұраққа көлігін 3-4 сағаттап қалдыратын. Қазір орташа есеппен 40 минут қана аялдайды. Мұндай тұрақтарға ат басын байлау үшін сағатына 100 теңге төлеуі тиіс. Міндетті ақыны төлемегендер 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл арқалайды.

Лаура СӘБИТҚЫЗЫ, «АСТАНА КӨЛІК ТҰРАҒЫ КЕҢІСТІГІ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Жалпы ақылы тұрақтардан түсетін сома тек жеке кәсіпкерлерге ғана кетпейді. Бұл жүз теңгенің бөлінетіні инженерлік инфрақұрылымдарды ұстауға, фиксациялауға кетеді, сонымен қатар салықтар бар төленетін. Жалақы деген сияқты. Және мемлекеттік серіктестігімізге кетеді.   

Ақылы тұрақтар саны наурызда 500-ден 5 мыңға артты. Жыл соңына дейін тағы екі есе көбеймек. Осы орайда кей жүргізушілер ақылы тұрақтың бәрінде бірдей арнайы белгі жоқ екенін айтады. Содан күтпеген жерден айыппұл келетіне шағым айтты.  Дегенмен компания өкілі бұл жауапкершіліктен жалтарғандардың жаласы дейді. Ақылы автотұрақтарға көпшілік қарсы, дегенмен жайлылық үшін төлеуге дайын азаматтар да бар.

БЛИЦ:

- Нет не нужны. Вообще это неправильно. Это неправильно.

- Машинаны жолға қойып кетеді көбісі адамдар. Мысалы дом министерства жақта орын жоқ. Барлығы платный. Конечно ол өте қиын. Қазір Үкімет көп нәрсені частный компаниялардың қолдарына берген. Ол компаниялар өз қалтасын ғана ойлайды. сондықтан олар жыл сайын тарифін өсіріп, халықтан ақша табады.

- Менің өз ойым, керек шығар. Өйткені орын қоятын жер жоқ. Адамдар хотя бы осылай ақысын төлеп тұрсын. Сомасы үлкен болмаса, 150-100 теңге деген болады деп ойлаймын 1-2 сағатқа.


Айсәуле СЪЕЗБЕК, ТІЛШІ:

Нұр-Сұлтан қаласында ақылы автотұрақтардың енгізілгеніне 3,5 жылға жуықтады. Осы уақытқа дейін компания 90 млн теңгеге дейін пайда тауып үлгерген. Оның тек 5 проценті әкімдікке жіберіліпті. Алдағы уақытта автотұрақтар еселеп артпақ. Одан түсетін пайданың енді 25 проценті әкімшілікке беріледі деп жоспарланып отыр. Дегенмен бұл пайданың ешқайсысы да қоғамдық көлік жүйесін жақсартуға жұмсалайын деп отырған жоқ.

А. Съезбек