Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда коронавирустың жаңа толқыны болуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 05 сәуір 2022
  • 1286

Қазақстанда тағы да коронавирустың жаңа толқыны болуы мүмкін.  Денсаулық сақтау министрі бұл мәліметті жоққа шығармайды. Сөзінше, Қытай және өзге де мемлекеттерде індеттің өсу динамикасы байқалады. Жалпы ахуал әлем бойынша өткен екі жылмен салыстырғанда әжептәуір тұрақты, деді. Қазір елде тәулігіне 15-20 адамнан COVID-19 анықталуда. Яғни, жағдай оптимистік сценариймен жүріп жатыр. Ажар Ғиният жағдайды ушықтырып алмау үшін халықты екпе мен ревакцинациям алуға шақырды.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Елде жағдай тұрақты, сондықтан бізде барлық шектеу шаралары алынып тасталды.  Бірақ шекарада бақылау, қадағалау жүргізілуде. Елімізге келетіндердің барлығының денсаулығы мұқият тексеріледі. Олар вакцина алу шарт және ПТР сынамасы теріс болуы керек.

А. Данияр