Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚР қарулы күштерінің даярлығын бақылау басталды

  • AstanaTV
  • 05 сәуір 2022
  • 1032

Қазақстан   қарулы күштерінің даярлығын бақылау басталды. Жауынгерлер әскери техникаларымен полигондарға жеткізілген. Онда күндіз-түні арнайы тапсырмаларды  орындаған  әскерилердің деңгейлері сыналады. Сонымен қатар қолбасшылардың басқару қабілетіне баға беріледі. Жаңа форматтағы сынақ Мемлекет басшысының қарулы күштердің дайындығын арттыру бойынша берген пәрмені негізінде жүргізіліп  жатыр.

Айдос ИСАЕВ, 32363 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жеке құрамның дайындығын қорытынды пысықтау жүріп жатыр. Әскери борышын шұғыл өтеп жатқан сарбаздар жарты жылдың өзінде жақсы дайындалғандарын дәлелдеді. Нақты бағытта шеберліктерін шыңдаған. Әскери есеп бойынша өздерін жақсы жағынан көрсете білді.

А. Съезбек