Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандылықтар Украинаға 4 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтті

  • AstanaTV
  • 05 сәуір 2022
  • 1622

Қарағандылықтар Украинаға 4 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтті. Еріктілер оның үш жүз келісін бір күнде жинап үлгерген. Балалар киімі мен дәрі- дәрмек, тұрмысқа ең қажетті заттарды Қазақстандағы түрлі ұлттың өкілдері тапсырған. Қайырымдылыққа кезінде Украинадан Қазақстанға жер аударылған украиндықтардың ұрпақтары  белсене атсалысыпты.  Гуманитарлық қолдау Штабы еріктілерінің айтуынша, қазақ елі қақтығыс басталғалы Украинаға  130 тонна көмек жіберген.

Петр ВРУБЛЕВСКИЙ. УКРАИНАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:
 
Гигиеналық заттар мен дәрі- дәрмек, киім- кешек. Міне оларға керегі осылар. Бүгінде  Украинада көптеген  елдімекен тұрығндары ешқайда шыға алмай отыр. Сондықтан қазір 100 теңгенің өзі Украинаға үлкен көмек болады.


А. Қуаш