Су тасқыны кезеңі басталғалы төрт облыста 185 тұрғын үй, 78 саяжай, 2 әлеуметтік нысанды су басқан. Мыңнан астам адам эвакуацияланды. Оның 700-ге жуығы әлі уақытша паналау орындарында тұрып жатыр. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар жолдардың кейбір учаскелерін су шайып өтіп, қатынас қиындаған. Жағдай біртіндеп қалыпқа келтіріліп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, елімізде 340 елдімекенді су басу қаупі жойылған.
Б. Сатуов