Русский Сайттың толық нұсқасы

СҚО белгісіз дерттен жаппай қырылған малға қатысты сараптама қорытындысы жарияланды

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2022
  • 1669

Солтүстік Қазақстан облысында белгісіз дерттен жаппай қырылған малға қатысты, сараптама қорытындысы жарияланды. Сала мамандары қара мал инфекциялық ринотрахеиттен өлді, дейді. Тимиряз ауданының шаруасы Виталий Сидельников соңғы бір аптаның ішінде 15 бас малынан айырылған. Оның айтуынша, сиырлардың аузынан көбік ағып,  тілдері ісіп кеткен. Осының салдарынан мал шөпті шәйнай алмапты. Инфекция өзге ірі қараға жұқпас үшін, шаруа өлексені жағып жіберген.

Шаруаның иелігінде 120-ға жуық ірі қара бар. Сала мамандарының айтуынша, шаруашылықта санитарлық талаптар ескерілмеген. Сондай-ақ, аталған дертке өтемақы қаралмаған.

Берік ӘЛЖАНОВ, СҚО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұл шаруашылықта мал тар жерде шоғырланған. Өткен аптада мал далада тұрыпты. Бұл дерттің асқынып, малдың өліміне әкелгенін айтады. Егер санитарлық талаптар орындалса, мұндай шығын болмас еді.


А. Құрманкин