Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда фармацевтің салғырттығынан 3 жастағы сәби уланып қалды

  • AstanaTV
  • 07 сәуір 2022
  • 1718

Павлодарда фармацевтің салғырттығынан 3 жастағы сәби уланып қалды. Ол дәрі орнына антидепрессант берген.  Оны ішкен бүлдіршін ауруханадан бірақ шықты. Аталған оқиғаға байланысты полиция тексеру жүргізді. Фармацевттің қателескені анықталды.  

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 317-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Яғни, медицина немесе фармацевтің кәсіби міндетін дұрыс атқармауы бойынша іс қозғалды.

Ө. Қуанар