Русский Сайттың толық нұсқасы

Шетелдік мессенджерлерге шектеу қойылуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 07 сәуір 2022
  • 1327

Елімізде  шетелдік сайттар мен мессенджерлердің қызметіне шектеу қойылуы мүмкін. Жаңа заң жобасы қазір қызу талқыланып жатыр. Құзырлылар осылайша, әлеуметтік желідегі жауапкершілікті арттырып, желінің теріс әсеріне тосқауыл қоямыз дейді. Егер жаңа құжат қабылданса, шетелдік онлайн-платформаларға бірқатар талаптар қойылады. Оның ішінде  елімізде заңды тұлға ретінде тіркеліп, өз өкілдіктерін ашу да көзделген. Заңда белгіленген талаптар алты ай ішінде орындалмаса ғана шектеу қойылмақ.  

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Балаларды қорлап, кибербуллинг жасап жатқан жағдайларда бар екені жасырын емес елімізде. Сондықтан біз қазір балаларды қорғау үшін заң жобасын қарап жатырмыз. Керек болса сенаторлар оған өзгерістер енгізуге дайын.


Алайда сарапшылар билік басындағылар «балаларды кибербуллингтен қорғаймыз» деген желеумен контент пен ақпаратты шектеуді көздеп отыр дейді. Айтуларынша жаңа заң жобасы қабылданса, билік әлеуметтік желілерді бұғаттай бастайды. Сондықтан олар елімізді әлемдік контенттен шеттетуге болмайтынын айтып, қарсылық білдіруде.

Дана БУРАЛКИЕВА, ЦИФРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ЖӨНІНДЕГІ САРАПШЫ:

Әлеуметтік желі қолданушысы және цифрлық құқықтар жөніндегі сарапшы ретінде мен бұл заң жобасының қабылдануына қарсымын. Теорияда бұл түзетулер практикалық түсіндірулерден өте өзгеше болуы мүмкін. Яғни заң жобасы балаларға зиян келтіретін контенті ғана емес әлеуметтік желідегі ой еркіндігін, адам құқықтарының тапталуына қарсы тәуелсіз пікірлерді шектеуі мүмкін.


Ә. Бердібеков