Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаңа әкімдер тағайындалды

  • AstanaTV
  • 07 сәуір 2022
  • 1283

Бүгін  Мемлекет басшысының жарлығымен Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды. Жаңа әкімді аймақ активіне Премьер-министр Әлихан Смайылов таныстырды.  Нұржан Нұржігітов бұған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Премьер-министр  Бердібек Сапарбаевтың облыстың дамуына, ұлтаралық келісімді нығайтуға, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыруға қосқан үлесіне тоқталып, атқарған жұмысы үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, бүгін, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі лауазымынан босатылып, оның орнына  Нұрлыбек Нәлібаев тағайындалды. Нұрлыбек Нәлібаев  1997 жылдан бері түрлі лауазымды қызметтер атқарған. 2013-2021 жылдары  Қызылорда қаласының әкімі болған. Ал  Атырау облысының әкімі болып, Серік Шәпкенов тағайындалды. Ол осыған дейін  еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған.


Л. Қуанышқызы