Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы халықаралық әуежай ғимаратының жаңа жобасы таныстырылды

  • AstanaTV
  • 07 сәуір 2022
  • 1223

Алматы әуежайы толығымен жаңарады. Бүгін  халықаралық нысанның жаңа жобасы таныстырылды. Әуежай заманауи дизайнда жабдықталады.  Онда 40 тіркеу бағаны мен 3 жүк тасымалдайтын лента қойылады. VIP-терминалдар мен жаңа бағыттағы күту залдары болады.   Әуежай президентінің айтуынша, құрылыс жұмыстарына шамамен 200 млн доллар жұмсалады.  Сондай-ақ жөндеу кезінде ұшақ қабылдау, халықаралық бағыттарға ұшу жұмысы тоқтатылмайды деді.
 
Эрсой АЛЬП ЭР ТУНГА, «АЛМАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ» АҚ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазір әуежай тәулігіне 16 мың жолаушыға қызмет көрсетеді. 5 мыңы -халықаралық, 11 мыңы- ішкі рейс. Құрылыс жұмыстары аяқталса, бұл көрсеткіш арта түспек. Жалпы жөндеу жұмыстарын 2024 жылы жазда аяқталады деп жоспарлап   отырмыз.

Ә. Лесбек