Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда 1-сынып оқушысы марганцовкадан уланып қалды

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2022
  • 1464

Павлодарда 1-сынып оқушысы марганцовкадан уланып қалды. Абырой болғанда, бала дін аман. Қараусыз қалған оқушы мектепте марганцовка ерітіндісі құйылған құтыны тауып алып, оны ішіп алған. Дәрігерлер дер кезінде баланың асқазынын шайыпты. Қазір "беті бері қарады" дегенмен амбулаторлық емін жалғастыратынын хабарлады. Ал марганцовканы сынып жетекшісі басқа бір баланың аяғындағы жараны емдеу үшін мектеп медбикесінен сұратып алған. Бірақ, ұстаз  улы затты "ертең қайтарам" – деген оймен сынып бөлмесіндегі шкафқа қоя салған көрінеді.

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

 
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 141-бабы яғни, балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Ө. Қуанар