Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада жаяу жүргіншілер жолында оқушыны көлік қағып кетті

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2022
  • 1595

Қызылордада оқушы қызды жаяу жүргізушілер жолында көлік қағып кетті. Ол көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жоғары жылдамдықпен жүйткіген  көлік  қызды бірнеше метр жерге ұшырып жіберген. Бала періштесі қағып, аман қалды. Дәрігерлердің айтуынша, 10 жастағы  жеткіншектің сол қолы сынып, түрлі деңгейдегі бас-ми және денесі  жарақаттанған.  Қазір   өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жансақтау бөлімінен, палатаға ауыстырылды дейді. Ал күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Ғалымжан ТАБЫНБАЙ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Күдікті тұлға анықталды. Қазір тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Қалған мәліметтер Қылмыстық процесс кодексінің 201-бабына сай жария етілмейді.


М. Тоқтасынқызы