Еліміздегі әрбір бесінші жұмыссыз тұрғын Алматы мен Алматы облысында тұрады. Бұл аймақта жұмыс іздеп жүрген 100 мыңнан астам адам бар. Ресми статистикаға сүйенсек, 2021 жылдың қорытындысы бойынша елімізде жұмыссыздық бойынша көрсеткіш -4,9%. Республика бойынша облыстар арасында жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Алматы қаласында (52,9 мың адам) . Одан кейінгі орында Алматы (49 мың адам) және Түркістан (41,8 мың адам) облыстары. Сондай-ақ, төменгі жұмыссыздық көрсеткіші Нұр-Сұлтан және Шымкент, Қарағанды қалалары мен Батыс Қазақстан облысында тұрады.
Ә. Дүкембаева