Русский Сайттың толық нұсқасы

Әкімдерге жаңа міндеттер жүктелді

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2022
  • 1452

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев орталық органдар басшыларының жұмысына қатысты  Жарлыққа қол қойды. Бұл   әкім-қаралар мен түрлі  құрылым басшыларына жаңа міндеттер жүктейді. Жаңа құжаттың артықшылығы қандай? Толығырақ тілшіміз тарқатады.

Енді министрлер мен әкімдер халықпен кездесуде құр есеп беріп құтылмайды. Жаңа Жарлықтың талабы сондай. Кездесу үшін жоспарланған уақыттың тек төрттен бірі баяндама оқуға беріледі. Қалған уақыт сұрақ-жауап форматында өтуі тиіс. Биліктегілер тұрғындармен тұрақты кездесуден бөлек, кестеден тыс қабылдау өткізуге де міндеттелді. Осыған дейін есеп тыңдаудан мезі болған тұрғындар  бұл өзгеріске әлі сенер , сенбесін білмейді.   

БЛИЦ:

- Халықтың да сенімі кетті қазір әкімдерден. Шынын айту керек, статистикалық мәлімет бойынша халық шешті деген мәлімет шығады болды.  

- Әкімдердің айтқан сөздерінен басқа өз сұрақтарымызға жауап естігіміз келеді. Сол үшін осы қолға алынған нәрсе өте дұрыс деп ойлаймын.

- Дұрыс шығар енді. Жауапты көбірек беру керек қой.  

- Айтатын сөздері бір бөлек. Ал істе мүлде басқаша болады.


Енді  мәселеңізді айтып, жауаптыларға жүгінсеңіз,   жауабын   көп күтпейсіз. Оларға он күн ішінде  мәселені шешудің нақты мерзімін, оны шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарын бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми интернет ресурстарда  жариялау жүктелді.   Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда пікір білдіру мүмкіндігін міндетті түрде бере отырып, онлайн-трансляциялар, сондай-ақ қажет болған жағдайда бейнебайланыс ұйымдастыру арқылы кездесулер өткізуі керек.

Құрманғали ҚАЛМАҚАН, САЯСАТТАНУШЫ:

Бұл әрі қарай қоғамның өзіне үлкен жауапкершілік артады. Әр азамат анау бітіреді, мынау айту керек деген емес әр азамат әкімінің не істеп жатқанына, басқаға өз пікірін айта алатындай болуы керек. Меніңше мұның барлығын кешенді түрде қарау керек. Тек есеп беру жағынан қарап, тек соған ғана қарап қалсақ тағы да жасанды, бюрократиялық тәсілге түсіп кетуіміз мүмкін. Жаппай бюрократия осындай бір демократиялық механизмдерді енгізбесек өкінішке қарай қала береді.

Саясаттанушы атқарушы органдар жұмысына енгізіліп жатқан жаңашылдық  демократиялық механизмді енгізудің алғашқы қадамдарының бірі деп бағалады. Сонымен қатар елдегі саяси жүйені трансформациялау бағытындағы бір тетік дейді. Бұл қадам    биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыратынына сенімді.

Ә. Бердібеков