Балалар арасында семіздік белең алып барады. Қазақстандықтардың 55 %-ы семіздікке шалдыққан. Оның 7 проценті - бала, дейді мамандар. Қазақстан Еуропа мен Азия елдері арасында дұрыс тамақтанбау бойынша 9-шы орында тұр. Бұл дәрігерлерді алаңдатып отыр.
Орал қаласының тұрғыны Зүлфия Жұмашеваның екі баласы да артық салмақпен күресіп келеді. Анасы олардың денсаулығына алаңдайды. Айтуынша әсіресе карантин басталғалы балалары артық салмақ қосып алған.
Зүлфия ЖҰМАШЕВА, АТА-АНА:
Үлкен ұлымның жасы 13-те, салмағы 66 келі. Қазір дұрыс тамақтану, спортты басталғалы 65 келі болды. Ал кіші қызым 10 жаста. Салмағы 46 келі. Алайда бұл 13 жасқа дейінгі балалар үшін тым көп салмақ.
Көпшілік, әсіресе жастар тез дайындалатын тағам өнімдеріне тым әуес. Ал бұл семіздікке апаратын негізгі жол дейді, - диетолог маман.
Мадина СУЛЕЙМЕНОВА, ЭНДОКРИНОЛОГ, ДИЕТОЛОГ:
Ең басты себебі - ол адамның өзінің өмір салты. Аз қимылдау ия, спортпен шұғылданбау және де жоғары каллориялық тағам тұтыну. Бізде 66% сол өзінің өмір салтына байланысты, 10% гармон, 10% генетика деп айтамыз. Семіздік степень жоғары болған сайын біз индекс масса телодан санаймыз ғой. Сол кезде егер ол уже үшінші дәреже болса, онда әрине адам өміріне қауіпті.
Маманның берген мәліметінше, семіздіктің өсуіне тағы бір себеп - құрамында қант бар сусындарды тұтыну. Соңғы алты жылда елімізде қант диабеті мен семіздікке шалдыққандар саны екі есеге өскен.
Дәрігерлер семіздікпен өлім-жітім көбейіп жатқанын айтады. Денсаулық Сақтау министрлігі Үкімет мүшелеріне дерттің алдын алу үшін бірқатар жоспарларын ұсынды.
Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
Қазақстандағы барлық өлім-жітімнің 84%-ға жуығының себебі инфекциялық емес аурулар болып табылады. Инфекциялық емес ауруларды төмендету үшін құрамында қант бар сусындарға акциз енгізу жоспарлануда, жарақаттанудың профилактикасы бойынша оқыту және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, балалардың арасындағы сколиоз, миопия ауруларының профилактикасы бойынша жұмыстар жоспарлануда.
Қазір семіздік әлемдік эпидемияға айналған. Ресми мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын 2,8 млн адам артық салмақтың кесірінен ашал құшады.
Аружан СЕРІК, ТІЛШІ:
Тағы бір алаңдатарлық жайт, бұл ауру соңғы жылдары балаларды да өз тұзағына түсіруде. Сондықтан мамандар фаст-фудтан,гамбургер, донер, фри.... бас тартып, дұрыс тамақтануға және салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді.
А. Серік