Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодардағы Рождественка ауылындағы тасқынның нақты себептері анықталды

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2022
  • 1732

Павлодардағы Рождественка ауылындағы тасқынның нақты себептері анықталды. Еске салайық, елдімекенде  30-ға тарта ауланы еріген қар суы басып қалған болатын. Салдарынан 8 тұрғын үйге зақым келді.  Құзырлы орган өкілдері  «AMANAT» партиясының облыстық филиалында Мәжіліс және мәслихат депутаттарына тасқынға байланысты атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.   

Жасұлан ЖҰМАШЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Ауылдың сыртында бөгеттер болды. Сол бөгеттер ұстап тұрған ғой. Сол бөгеттерді мына трактормен жүреді, машинамен жүреді. Бөгеттердің үстін тапап тастаған ғой. Сол тапаған жерінен ауылға жиналған қардың бәрі ерігенннен кейін ауылға кіріп кетті.

Сондай-ақ, бүгін  Павлодар мұнай зауытында қоғамдық қабылдау   өтті.  Қабылдауға келген зауыт қызметкерлерінің басым көпшілігін экология мәселесі алаңдатады. Бұл орайда қаладағы жасырын қоқыс алаңдарын жабу жайы   сөз болды. Ал жас мамандарды баспана мәселесі толғандырады. Олар Мәжіліс депутаттарына  баспана алуға арналған тиімді бағдарламалар ұйымдастырылса деген өтініштерін  жеткізді. Кәсіпорын қызметкерлері зауыттарда ашылған мобильді қабылдау бөлімшесінің өте ыңғайлы екенін айтып, партия өкілдеріне алғыс білдірді.

Вера КИМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
 
Біз бүгін қала әкімімен кездесу өткіземіз. Сол жерде осы қабылдауда айтылған өзекті мәселелерді жеткізіп, шешуін сұрайтын боламыз. Бұған дейін жолданған сауалдардың нақты жауабын тұрғындар білу керек. Өйткені, көп жағдайда тұрғындардың мәселесі айтылады да, бірақ, кейін жауапсыз қалып жатады. Осындай факторларды болдырмауымыз тиіс.


Ө. Қуанар