Русский Сайттың толық нұсқасы

Су тасқынынан зардап шеккен ауылда жаңа мектеп салынады

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2022
  • 1431

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен Шалғын ауылында жаңа мектеп салынады. Бұл туралы тұрғындармен кездескен Мәжіліс депутаттары айтты.  "Ешбір мәселе назардан тыс қалмайды",- деді халық қалаулылары. Баспанасынан айрылған тұрғындарға барынша қолдау көрсетілмек.  

Шалғын ауылында 25 үйді су басқан. Соның  оннан астамы тұруға жарымсыз боп қалды дейді тұрғындар. Елдімекендегі жалғыз мектеп те  қираған.

Мұрат ҚҰЛБАТЫРОВ, ШАЛҒЫН НЕГІЗГІ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

"AMANAT" партиясы бірден азық-түлікпен, киіммен көмектесті, жуу құралдарын, кеңсе тауарларын жіберді. Біз бәрін ауыл тұрғындарына тараттық. Көмек келіп түсуде, қазір біз емес мұқтажбыз. Ең бастысы, біз үшін мектеп салу.

Мәжілісмен Мәлік Күлшар су басқан ауылдарда болып, зардап шеккен отбасылармен кездесті. Ол туындаған барлық мәселелерді бақылауға алынатынын айтты.  

Мәлік КҮЛШАР, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ,"AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біздің мақсатымыз -су астында қалған елді мекендерді аралап, тұрғындардың проблемаларын облыс басшылығына, жергілікті атқарушы органдарға жеткізу. Облыстық бюджетте төтенше жағдай бойынша қаражат қарастырылған. Алдымен мектеп құрылысы басталады.

Зардап шеккендерге көмек көрсетуге еріктілер де атсалысуда. Олар елдімекендерге гуманитарлық жүк керуендерін жіберіп, қолдау көрсетіп жатыр.

Ерік НАУРЫЗҒАЛИЕВ, ЕРІКТІ:

Біз жауап беруге шешім қабылдадық және халқымызбен ортақ күш-жігермен біз бірінші кезекте қажетті заттарды жинадық, балалар үшін бізге тізімдер берілді, мұнда 37 бала оқиды, олар үшін рюкзактар және оқу жылының соңына дейін біз дәрі-дәрмектер, киім-кешек, жеке гигиена заттарын бердік.

Шалғын ауылындағы өмір біртіндеп қалыпқа түсіп келеді. Балалар уақытша мәдениет үйі ғимаратында оқиды.  

Ә. Дүкембаева